COVID-19: ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ

Бүкіл әлемді алаңдатқан короновирус індеті әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестердің де күн тәртібіне айналған. Кеше Анадолы Спорт журналистер қорының (ASGD) ұйымдастыруымен, Түркияның Бұрса, Коджаели, Адана, Сакария, Чорум, Карабүк қалалары мен Қазақстан, Солтүстік Кипр, Германия, Франция, Голландия елдеріндегі журналистер онлайн форум өткізді. Жиналыста БАҚ өкілдері COVID-19 вирусының өз елдеріне  әсері, журналистиканың төтенше жағдайдағы жұмысы, қауіпсіздік шаралары, аурудың алдын алу т.б. жайлы ой бөлісіп, пікір алысты.

2020 жылдың 13 сәуіріндегі жағдай бойынша, Қазақстанда 979 адам COVID-19 дертіне шалдыққан. Қайтыс болғандар саны — 12. Вирус жұқтырғандар санының көптігіне қарай, алғашқы үштікте Нұр-Сұлтан (257), Алматы (172) қалалары мен Қызылорда облысы (119) тұр.

Біз Түркітілдес журналистер қорының басшысы ретінде жасаған баяндамамызда елдегі ахуалға қысқаша тоқтала келе, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде коронавирустың қаупін әлі сезінбеген азаматтар көп екенін, сондықтан БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы халыққа вируыстан қорғанудың жолдары мен қауіпсіздік шаралары, карантиннің пайдасы туралы көбірек айтуды ұсындық.

Дәл осындай жиын алдағы уақытта тағы да өткізіледі. Әлемдегі жайттардан хабардар болу үшін тікелей байланыс — таптырмас құрал.

Нәзия Жоямергенқызы

Related posts

Қазақстан халықаралық банктерден қарыз алмақ

editor

Фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

ttjk

Ислам әлемінің «2023 жылғы туризм қаласы» — Шанлыурфа шақырады

ttjk