COVID-19: Қазақстанда екінші толқын басталды

Қазақстандағы COVID-19 індетінің екінші толқыны мамырда басталып кеткен. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, өткен аптада коронавирус белгілері бар аурулар саны 2 есеге, ал ауру белгісі жоқтар саны 5 есеге өскен. Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, адамдар карантин шараларын қатаң сақтауы тиіс. Өйткені аурулармен байланысқа түскендердің 35 пайызынан COVID-19 анықталған. ҚР Денсаулық сақтау министрі азаматтарды ара қашықтықты сақтауға, адамдармен тығыз байланыс орнатудан қашуға, халық көп жиылған  жерге бармауға шақырды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, кеше (04.06.2020) коронавируспен ауырғандар саны 12 312-ге жеткен. Оның 6606-сы — емделіп шыққандар. Ал қайтыс болғандар — 52.

 

Related posts

«ШЕВРОН»: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ttjk

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯДА АВТОБУС БИЛЕТТЕРІ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

ttjk