Карантиннен кейін індет күшейді

Аймақтардағы әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде карантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Related posts

Түркі елдерінің тарихи-мәдени бай мұрасын насихаттау — ортақ міндет

editor

Шириндже, зеленый оазис на побережье Эгейского моря в Турции

Назия Жоямергенқызы

Cuisine | Indulge in Italy’s Best Eats at La Festa Italiana

ttjk