Черногория Үкіметі қаралы күн жариялады

Черногорияның қоғамдық телеарнасы RTCG мәліметіне сүйенсек, атыс сәрсенбі күні кешке Цетиндегі кафеде басталған.  Атыс алдымен дәмханада басталып, кейін басқа жерде жалғасқан.

Vijesti басылымының хабарлауынша, қару алып шыққан Ацо Мартинович Цетина маңындағы үйінің жанындағы полиция оны қоршап алғаннан кейін өзін-өзі өлтірмекке оқталған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Қайтыс болғандардың арасында екі бала, сондай-ақ шабуылдаушының бірнеше отбасы мүшелері бар. Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Мартинович кафеде болған дау-дамайдан кейін атыс бастаған.Черногория үкіметі осы оқиғаға байланысты үш тәулік қаралы күн жариялады.

Related posts

Былтыр 300 тоннадан астам жоғары протеинді жемдік қоспа өндірілді

editor

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

ttjk

Орманшылар жалақысын көтеру үшін бюджетте шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған

Назия Жоямергенқызы