Браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді

Атырау облысында браконьерлікпен айналысып, заңсыз балық аулағандардан 356 келі балық тәркіленді. Оның 270 келісі — бекіре тұқымдас балық. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Белгілі болғандай, облыста 10 қыркүйектен бері «Бекіре-2024» акциясы өтіп жатыр. Іс-шара 31 қазанға дейін жалғаcады. «Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған құқық бұзушылық бойынша айғақ зат ретінде 2 автокөлік алынып, балық аулауға арналған 21 құрал алынды. Заңсыз ауланған 356 келі, оның ішінде 270 келі бекіре балығы тәркіленді», — делінген хабарламада.

Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Related posts

Турция завершает 2023 год с рекордными показателями туризма

ttjk

Жүргізуші куәлігін алу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

editor

Алматыда қазақ журналистеріне арналған семинар өтті (фото)

ttjk