“БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН МЫҢ КІСІ СУ ІШЕДІ”

 

19 және 20 желтоқсан — Халықаралық мереке. Әлеуметтік ахуалы төмен адамдарға көмек қолын созу күні.

Қазіргі таңда басында баспанасы жоқ, жағдайы жоқ көпбалалы немесе жалғызбасты аналар,мүгедек және балалары тастап кеткен қарт кісілер өте көп. Жалпы 2019 жылдың статистикасы бойынша 18 миллион қазақстандықтардың ішінде 1 миллион 773 мың адамның айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз болған. Негізі мамандардың айтуы бойынша экономиканың қас жауы бұл-жалған есеп беру болып табылады. Осының кесірінен біз нақты кедейліктің деңгейін анықтай алмай отырмыз. Мүмкін көмекке мұқтаж жандар статистикадағы саннан да көп шығар.

Қәзір әлеуметтік желілерде өз бетімен немесе топ болып жиналып балалар үйіне, қарттар үйіне, жағдайы төмен отбасыларға немесе белгілігі менкенжай, тұратын үйі жоқ адамдарға көмек көрсетіп жүрген жерлестеріміз көп. Осындай волонтерлық топтар көбейіп өздерінен жағдайлары төмен кісілерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып жүру қажет.
“Кең дәурен, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз”, — деп Абай атамыз айтқандай менің сіздерге түйіндегім келген ой ол: әрқашан өзіңнен төмен тұрған адамның қолынан созып қол ұшын беріп жүру қажет одан кең болмасаң, кем болмассың!

Отынбекова Айша, Алматы қаласындағы
№204 мектебінің 11”А” сынып оқушысы.

Сурет Интернеттен алынды.

 

Related posts

Ветер Тюркского мира дул в Таврских горах!

ttjk

АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА 2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Алматыдағы «Музей түні”

ttjk