Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш өтті.

 

7 мамыр күні Республика сарайында «Қарулы күштер – тәуелсіз елдің қорғаны!» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Ардагерлер, әскери қызметшілер, сондай-ақ қала тұрғындары мен жырақтан келген қонақтар патриоттық әндер мен музыкалық шығармаларды тыңдады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны кешті бастап, сахнада Алматы қаласы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Халық артисі Талғат Күзембаев, Роза Рымбаева, Біржан Хасанғалиев, Дәурен Байбөрі, Олег Татамиров, «МузАрт Life», «Жігіттер» тобы, Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының шығармашылық тобы және басқа да өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Бағдарламада «В землянке», «Журавли» секілді майдан әндері, патриоттық попурри және «Ұлы елім», «Менің Отаным», «Айбынды армия», «Туған жер» сияқты рухты көтеретін әндер орындалды.

Концерт соңында көпшілік, екінші әнұран деп білетін «Атамекен» әні шырқалды.

Бұл шара әскери борышқа деген құрметтің, отансүйгіштіктің және халықтың бірлігінің жарқын көрінісі болды.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика мамандығының
1-ші курс студенті
Бекарыс Сұлтанғазин

Related posts

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

ttjk

Сақалды құрылысқа айналған Мәдениет үйі әлі аяқталмаған

editor

Төраға тарифтерді қымбаттату керек екенін айтты

editor