Базарда сібір жарасының белгілері анықталды

и    Атыраудағы «Дина» базарында сібір жарасының белгілері ​анықталған. Бұ лтуралы аймақтағы «Ақ жайық» басылымы ақпарат таратқан.

Қаладағы ең ірі сауда орны «Дина» базарын тексеру барысында сібір жарасының бактериялары анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

Бактериялар пышақты жуған кезде табылған. Ет сатылған павильон уақытша жабылып, дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр. Ведомство мәліметінше, экспресс тестілеу ауру қоздырғыш барын растады. Зерттеу қорытындысы шыққанша павильон жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Барлық қажет дезинфекциялық шара санитариялық нормаларға сәйкес жүргізіліп жатыр. Павильонда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің тізімі жасалды, олар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Бұған дейін санитариялық қызмет мамандары қаладағы 65-тен аса сауда орнын тексеріп, зерттеуге алынған 700-ден аса сынама нәтижесі расталған жоқ. Бірақ қайта тексеру кезінде қосымша сынамалар алынып, олар қазір ұлттық сараптама орталығында тексеріліп жатыр. Олардың нәтижесі жақын күндері белгілі болады. Мамандар қала тұрғындарына ветеринарлық бақылаудан өткен етті сатып алуға, тағамды кем дегенде 70°C температурада мұқият пісіруге, шикі етті ұстағаннан кейін қол мен пайдаланған құралдарды мұқият жууға, шығу тегі белгісіз ет немесе жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен өнімдерді жемеуге кеңес береді.

 

Related posts

Шетелден көлік әкелетін жеке тұлғаларға тосқауыл қойылмақ

editor

Анталиядағы Финике ауданы Cittaslow тізіміне енді

ttjk

How To Find Cheapest Flights for Your Future Adventures

ttjk