«Балаға азғындық жасады» деген күдікті өлі күйінде табылды

Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деп күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды.

Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

«Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Related posts

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

ttjk

ГОРДИОН ЮНЕСКО МҰРАЛАРЫ ҚАТАРЫНДА

Назия Жоямергенқызы

Абай облысында туризмді дамыту жолдары талқыланды