Бакуде 2015 Еуропа ойындары

Әзірбайжанның астанасы Бакуде 2015 Еуропа ойындары үшін дайындықтар жалғасуда.

Жақында Әзербайжан Президенті Илхам Әлиев Еуропа ойындары үшін салынған спорт және медиа ғимараттарын ашты, хабарлайды ТРТ Қазақ.Ашылу салтанатында Алиевке Еуропа ойындары комитеті төрағасы Михрибан Әлиева мен Спорт министрі Азад Рахимов серік болды.

Илхам Әлиев пен қасындағы делегация ғимараттар жөнінде мағлұматтарды тыңдады.

Еуропа ойындарына қатысатын спортшылардың тұруы үшін салынған 1042 ғимаратта 7 мың 500 спортшы тұратын болады.

Ойындарға келетін журналистер үшін де 1800 адамдық 536 үй салынды.

Еуропа олимпиада комитетінің 8 желтоқсан  күні өткен (ЕОК) 41 ассамблеясында тарихи шешім қабылданды.

Кәрі құрлық 2015 жылдан бастап Еуропа ойындарын өткізбек.

Қазір Азия, Африка және қос Америка құрлығының өз олимпиадасы, яғни жеке  ойындары бар. Және барлығының да тарихы тереңде. Енді Еуропаның да жеке олимпиадасы өтеді. 2015 жылға жоспарланған алғаншы Еуро ойындарды Әзірбайжан астанасы Баку қабылдайды.

Ойындар маусым айына жоспарланған. Алғашқы Еуропа ойындарының бағдарламасына он бес спорт түрі енеді. ЕОК алдағы уақытта бұл ойынды олимпиада ойындарына іріктеу ретінде қолдануды көздеп отыр.

Әзербайжан үшін бұл Ойындар үлкен халықаралық имиджтік жоба болып тұр.

Related posts

ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ҰШАҚ РЕЙСТЕРІ ШЕКТЕЛДІ

ttjk

ХАЛЫҚ БАНКІ АЙ САЙЫН ПӘТЕР СЫЙЛАЙДЫ

ttjk

ANKARA 16TH “LITTLE LADIES, LITTLE GENTLEMEN” INTERNATIONAL CHILDREN’S THEATRE FESTIVAL

Назия Жоямергенқызы