Байқау мәресіне жетті

Мобилографтар арасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған байқау өз мәресіне жетті. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Сайысқа 2500-ге жуық азамат қатысты.Сондай-ақ елімізден бөлек, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Моңғолиядан да мобилографтар атсалысқан.

«Конкурс нәтижесіне көңіл толады. Әлеуметтік желілерде Ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан барлық қатысушыға ризашылық білдіреміз», — деп жазған Берік Уәли.

Байқауға келіп түскен жұмыстардың қорытындысы бойынша, TikTok желісінде 616 видео жарияланып, қаралым саны 5 779 909 жетті. Instagram желісінде 636 рилс жарық көріп, 4 587 129 рет қаралды. WhatsApp және Telegram статусындағы орташа қаралымдар – 80 000. Ал жасырын қаралымдар – 19 000, YouTube Shorts: қаралым саны – 6 249 178. Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видеолардың жалпы қаралымы – 16 715 216-ге жеткен.

«Бір қуантарлығы, видеолар ел ішінде өте жылдам таралып жатыр. Мысалы, бір промо-ролик бір күнде 6 миллион рет қаралған. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан байқау аяқталғанға дейін видеолардың қаралымы да арта түсетіні сөзсіз. Байқаудың қорытындысы келесі аптада шығады», — дейді Президент кеңесшісі.

Related posts

Қорғаныс министрінің орынбасары: Сарбаздың сұрағанын бере бермеу қажет

editor

СУДЬЯ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды қолдайды

editor