Тұрғындарға тиесілі тегін дәрі-дәрмек берілмеген

Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталып отыр.

Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған. Сондай-ақ медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.

«Өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан. Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған» делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Related posts

Ойын басталуына әлі бірнеше сағат қалса да, Алматы тұрғындары мен қалаға келген қонақтар Орталық стадионның айналасына жиналып үлгерді

Назия Жоямергенқызы

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Назия Жоямергенқызы

«Закон и порядок»: диалоговая встреча в колледже по вопросам гендерного равенства и профилактики бытового насилия

Назия Жоямергенқызы