Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-config.php on line 71
Бабалар мұрасын насихаттауды балабақшадан бастау керек - Түркітілдес журналистер қоры

Бабалар мұрасын насихаттауды балабақшадан бастау керек

Батыр бабалардың мұрасын насихаттау балабақшадан басталу керек. Биыл Алтын Орданың құрылғанына -750 жыл. Күллі ел көлемінде еске алып жатқан тарихи оқиғаны кішкентай бүлдіршіндерге тәрбиешілер өзгеше әдіспен жеткізді деп хабарлайды kerey.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Алматы қаласы, Алатау ауданы КМҚК №37 бөбекжай – балабақшасында болған семинарға тек балалар ғана емес, қаланың өзге мекемелерінен де ұстаз-тәрбиешілер қатысты. «Алтын Ордаға -750» жыл атты семинарға ұзақ уақыт дайындалған балалар бір сәт өздерін бұрынғының жауынгері ретінде сезінді.

Ел қорғауда ерлердің рөлінде ойнаған балалардың қылышпен шайқасуы көріністің көркін аша түсті. Хас батыр ретінде негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. «Жекпе- жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылды. Көрініс соңында жеңістен сүйінші сұраған әжей Алтын Орданың төл теңгесін таратты. Бүлдіршіндерге бағзы тарихтан мәлімет беретін көріністен соң педагогтар шеберлік сабағына қатысты. Семинарға «Қалалық мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы Лунара Масақбаева және әдіскер Гүлназ Серікқызы бастап өзге де балабақшалардан педагогтар қатысты.

«Биыл Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық. Семинарда тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, педагогтар өздері тіккен қуыршақтарына жан бітіріп, музыкалық нөмір көрсетті. Педагогтар бір –бірімен ой бөлісті. Қонақтар өз ойларын еркін жеткізіп, шын жүректен алғыстарын білдірді»,-деді шараны ұйымдастырушылар.

1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының 750 жылдығы биыл тойланбақ. Жошының ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен «Алтын Орда» Мөңке Темірдің билігі тұсында 1269 жылы Талас өзенінің бойында шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында өз алдына дербес империя екенін толық мойындатуға қол жеткізді. Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орданың мерейтойы Ұлытауда өтеді.

«Іс-шараның мақсаты «Алтын Орданың» тарихын мектеп жасына дейінгі балаларға қызықты, әрі түсінікті етіп жеткізу еді. Оқу қызметінде балалар өздерін сол «Алтын Орда» ұлысының батырындай көрсете білді. Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау «Мәңгілік ел» болуды көздеген Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасы. «Алтын Ордаға -750 жыл» атты тарихи маңызы бар мерекелік іс-шараны қалалық деңгейде өткіздік. Қаладағы өзге балабақшалардан да педагог мамандарды шақырдық», -деді КМҚК N 37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.

Related posts

КҮРДТЕР РЕСЕЙДЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

Назия Жоямергенқызы

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА:БАҚ-тағы ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР»

ttjk

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру – басым бағыт

editor