АТЫРАУ: ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ СЕМИНАРЫ

Бүгін Атырауда қазақ журналистеріне арналған тегін семинар-тренинг басталды. 5-6 ақпанға жоспарланған шараны «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбындағы бұл шараны ұйымдастырушы – «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры, «Шеврон» компаниясы.  демеушілік еткен семинар-тренингке Атырау, Ақтау, Орал мен Ақтөбе қалаларының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

IMG_7791Екікүндік шарада «Түркітілдес журналистер қорының» медиа-тренерлері экономикалық журналистика, онлайн медиа, ұялы телефондарды журналистикаға тиімді пайдалану тәсілдеріне қатысты тәжірибелерімен бөліседі.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы: «Қазақ журналистері үшін ұйымдастырылатын семинар-тренингке Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Петропавл  қалаларындағы тәуелсіз БАҚ қызметкерлері қатысады. Басты мақсат – журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруге ықпал ету», – дейді.

IMG_7693Ұйымдастырушылардың айтуынша, журналистерге арналған алғашқы семинар-тренинг 22-23 қаңтарда Алматы қаласында, 29-30 қаңтарда Астана қаласында өткізілген көрінеді. Алматыдағы шараға Ұлыбритания мен Түркиядан дәріскерлер қатысып, әлемдік деңгейдегі онлайн медиа, Интернет журналистика туралы тәжірибелерімен бөліскен.

Семинар-тренингке демеушілік жасаған «Шеврон» компаниясының» өкілі Айнұр Сыдықова ханым: «Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының басты мақсаты – әрбір салада өз ісін жетік меңгерген кәсіби тұрғыда шебер мамандардың көп болуы. Бұл сол саланы ғана емес, мемлекетті де алға сүйреуге ықпал етеді. Сондықтан қазақстандық журналистердің мықты болуы, шет тілдері мен ақпараттық технологияларды жетік меңгеруі аса маңызды. Қазір экономика, мұнай-газ саласына сараптама жасайтын, мақала жазатын қазақ журналистері жоқтың қасы. Осы мәселеге де назар аударсаңыздар», – деді.

IMG_7717

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ – «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Татарстан т.б. түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестік орнату, іскерлік ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым-қатынаста болу, тәжірибе алмасу. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ қазақстандық журналистердің кәсіби білігін арттыру мақсатында түрлі тегін семинар-тренинг, шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. ды да мақсат етеді. Соңғы кездері бірнеше рет қазақ журналистеріне арналған семинар-тренинг, шеберлік сабақтарын өткізді. Тақырып: жаңа медиа, дата журналистика, ақпараттық технологияны шебер пайдалану, журналистика жанрларын жетік меңгеру т.б. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Жас журналистер клубы құрылған. Аталған клубтардың міндеті мен мақсаты «Түркітілдес журналистер қоры» ұстанатын қағидаларымен ұштасады.

«Шеврон» корпорациясы – әлемдегі аса ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компанияның бас кеңсесі Сан-Рамон қаласында (Калифорния, АҚШ) орналасқан. «Шеврон» өзінің қызметін әлемнің 100-ден астам елінде жүзеге асырады және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық ауқымы бойынша, соның ішінде мұнайды геологиялық барлау мен шығару, өндіру, сатып өткізу мен тасымалдау, мұнай химиясы өнімдерін өндіру мен сату саласында, сондай-ақ геотермия және электр қуатын өндіру саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар компания жаңғыртылатын қуат көздері мен озық технологияларды дамытуға инвестициялар құяды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жекеменшік мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің аса ірі екі кен орны – Теңіз бен Қарашығанақтағы айтарлықтай акциялар пакеттерін иеленеді. Корпорация сондай-ақ Каспий құбыр консорциумындағы аса ірі жекеменшік акционерлер қатарында.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ФИНДЕР АНА ТІЛІН САҚТАП ҚАЛҒАН

Назия Жоямергенқызы

ҰЗЫНАҒАШТА КЕЧИӨРЕН КӨШЕСІ АШЫЛДЫ

ttjk

ЛИТВАДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨКТЕМІ

ttjk