Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен Ресей президенті келеді

 Ресей президенті Владимир Путин бүгін және ертең мемлекеттік сапармен Қазақстанда болады.  Ресей басшысы Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Алдын ала таратылған ақпарат көздеріне сүйенсек, мемлекеттік сапар барысында Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді. Келіссөз барысында Ресей-Қазақстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Бұл ретте Қазақстанның биылғы жылы ҰҚШҰ-ға, Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен БРИКС-ке төрағалығы ескеріледі. Келіссөздер нәтижесінде Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі мен бірқатар үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ қос елдің президенттері Уфада өтіп жатқан Ресей мен Қазақстанның ХХ өңіраралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысына қатысушыларға бейнебайланыс арқылы сөз арнайды.
Ертең Қазақстан президентінің төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі отырысы өтпек. Қатысушы елдердің делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды, биыл ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың қорытындысы шығарылып, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалады. Отырыс қорытындысына сәйкес тағы бірқатар құжат қабылданады.

Related posts

Top 10 Budget-Friendly Vacation Destinations, Including Venice!

ttjk

Отбасы мүшелерін тұрақты тіркеуге арналған қызмет

ttjk

Гиресун — табиғатқа бай мекен

Назия Жоямергенқызы