Қазақ журналистеріне үлкен мүмкіндік ашылмақ

(Реджеп беймен келіссөздер жүргізу үстінде)

Өткен аптада белгілі журналист «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті, Қазақстандағы Əйел журналистер клубының басшысы Нəзия Жоямергенқызының ұйытқы болуымен көрші елдерге қазақ журналистерінің мәртебесін өсіру мақсатында Туркия еліне сапар шегіп қайттық. Ондағы мақсатымыз: қазақ журналистерін әлемге таныту болып, тәжірибе алмасу. Әрине, енді ғана құрылған, әлі іргесі толық қаланып үлгермеген бұл қорға кейбірлері сын көзбен қараса, енді бір әріптестеріміз менсінбеушілік те танытып жатты. Дегенмен, Назияның ізденімпаздығы мен қор мүшелерінің еңбектерінің арқасында аса бір абыроймен Түркі еліне барып, келешекке деген жоспардың іргесі қаланып қайтты. Стамбул жерінде атын бірнеше мемлекетке ақпарат көзі ретінде танылып жүрген ДЕНИЗ ақпараттық агенттігі құшақтарын жайып қарсы алды. Теңіз ақпарат агенттігі мен Стамбұл ақпарат агенттігінің қожайыны Реджеп беймен болған келіссөзде Назия елдегі қалған жас қазақ журналистерінің тәжірибе алмасуымен қатар, қазақ журналистерін өзге елдерге алып шығып таныстыру мақсатында бірнеше келіссөздер жүргізіп, нәтижелі оралдық.

(Реджеп беймен келіссөздер жүргізу үстінде)

Елден шығарда алдымызға қойған басты мақсатымыз болған қазақ журналистерінің мерейлерін үстем етіп, енді ғана журналистиканың табалдырығын аттаған жастарға семинар-тренинг өткізумен қатар, халықаралық деңгейге шығуға жол ашу болатын. Біздер Туркия елінің ақпарат көздерінің жұмыстарын аралап, болған әр сәтімізге өзімізше түйін түйіндедік. Түркия елінің Анадолы спорт журналистері ассоциациясының Бас хатшысы Джеват Торе беймен де спорт журналистеріне деген мүмкіндікті пайдаланып қайттық. ендігі кезекте еліміздегі спорт журналистері де назардан тыс қалмайтыны қуантарлық жәйт.

Иа, үкімет тарапынан қарастырылатын маңызды мәселені қаршадай ғана қыздың қолға алғаны қуантарлық жәйт. Дегенмен, әттеген ай деген тұстарының кездесіп жататыны заңдылық. Ендігі жерде наурыз айында өтетін халықаралық форумға қазақ журналистерінің санын да өсіріп, сапасын да өсірсек деген ниеттеміз. Қалай десек те, ертеңіне үлкен үмітпен қарайтын қор мүшелерінің үрейлері де жоқ емес. Басты мақсат тұтқан-қазақ журналистерінің әлемдік деңгейге шығуына жол ашқан аталмыш қордың мүшелері тынбай еңбек ету үстінде.
Назия Жоямергенқызы: Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен Қазақстандағы Әйел журналистер клубының мүшелері түгел атсалысқан сапар бұл.   Бастапқыда қорқақтадым, сосын тәуекел еттім. Нәтижесі жаман емес. Атсалысқан барлық бауырға Алла разы болсын. Әсіресе, алыс сапарда қолтығымнан демеп, темірдей тәртіпке бағына білген қос сарбаз — Анар Сүлеева мен Шынар Ізбасарға мың алғыс! Алда тағы талай сапар бар. Мақсатымыз — Қазақ журналистерінің мәртебесін көтеру, олардың халықаралық деңгейге сай болуына ықпал ету.
Иа, қорды ұйымдастырушының армандары аз емес. Түркі елінде болған сәтімізде халықаралық деңгейде ұйымдастырылған MODEF-2014 форумына арнайы шақырту алып, қазақ журналистерінің де мерейін өсіруге тырыстық. Әлемнің 159 елінен келген мәртебелі меймандар тізімінен ойып тұрып орын алып қана қоймай, наурызда өтетін үлкен форумға 15 журналист қатысатынын естіп қуанып қалдық. Ендігі жерде қазақ журналистерінен ауызбіршілік пен ынтымақ күтеміз. «Болар елдің балдары бірін-бірі батыр дейді, азар елдің балдары, бірін-бірі қатын дейді»-дегендей, тәй-тәй басқан қорға үлкен үмітпен қарайды деп сенеміз, ӘРІПТЕСТЕР. Қолтығынан демеу беретін, сүрінсе демейтін, құласа тұрғызып, мерейі өссе бірге қуанатын әріптестер үшін қашанда құшағымыз ашық.

А.А.Сулеева

Related posts

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

ttjk

127 мың жас қазақ күйін күмбірлетті

ttjk

АТЫРАУҒА «ХАЛЫҚТАН» КӨМЕК

ttjk