ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СТАМБҰЛДА “БІРЛІК” ҰЙЫМЫН ҚҰРДЫ

Стамбұлда жаңа оқу жылының басталуына орай Түркияға Қазақстаннан білім алуға келген студенттер бас қосты.
Аталған жиын Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жүздесуге Стамбұл, Бұрса мен Сакария қалаларындағы студенттер, Бас консул Әлім Бәйел, Бас консулдық дипломаттары қатысты.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған жиында жастар қазақ әндерін шырқап, ұлттық ойындар ойнады. Табиғат аясында өткен кездесуде стамбұлдық студенттер «Бірлік» жастар ұйымын құрды. Алдағы уақытта Бас консулдық осы ұйыммен бірге Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын түрік елінде кеңінен атап өтпек.

Өз кезегінде Қазақстан Елшілігі, ҚР Стамбұл Бас консулдығы және ҚР Анталья консулдығы пандемиядан кейін Түркияға қайта оқуға келген жастармен бірлесе отырып, түрлі жоба мен бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Related posts

ТҮРКИЯ ШАҢҒЫ ТЕБУГЕ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

ttjk

Ұландықтар құқықтың тәртіп әскерінің ардагерін құттықтады

editor

В прошлом году на Алаколе отдохнули более 100 тысяч туристов

Назия Жоямергенқызы