ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

ДСҰ-ның хабарлауынша, әлем бойынша қызылшамен ауыратындар күрт көбейіпті. 2019 жылы бұл көрсеткіш 870 мыңға жеткен. Ал өлгендер саны 50 пайызға артыпты.

Қызылша көбейген елдердің алғашқы легінде Қазақстан тұр. Бұл індетті жұқтырғандардың 73 пайызы Грузия, Қазақстан, Солтүстік Македония, Мадагаскар, Орталықафрикалық Республика, Конго, Самоа мен Тонгаға тиесілі екен.

Мамандардың пікірінше, індеттің асқынуына адамдардың екпе сапасына сенбеуі себеп болған. Қоғамда қызылшаға қарсы иммунитет түзілуі үшін халықтың 95 пайызы екпе (MCV1 және VCV2) алуы тиіс. Бірақ қазір ббұл көрсеткіш 85 пен 71 пайыздың төңірегінде.

Бұған дейін БҰҰ Балалар қоры (UNISEF) өкілдері коронавирустың асқынып тұрғанына қарамастан, балаларды қызылша дерті мен полиомиелиттен қорғау үшін алдын алу шараларын күшейтуге кеңес берген еді.

Сурет: medspecial.ru

Related posts

Саңыраулар қоғамындағы қаржы ұрлығы

editor

Recognised as the “Best New Development Project” at the MAPIC 2023 Awards, Galataport contributes to its neighbourhood Karaköy’s fame as İstanbul’s centre of attraction

Назия Жоямергенқызы

Жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда

Назия Жоямергенқызы