Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Оларды салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрлысы жұмысы Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасуда. Жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отыр.

Көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды. Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 бірлік тұрғын үй сатып алды.

Related posts

Tokayev Kazakistan’daki Türkiye Büyükelçiliğini ziyaret etti

ttjk

Алматыда 2023 жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар асыра орындалды

Назия Жоямергенқызы

Картоп пен қызылшаның тұқымы 10 пайызға жетпейді

editor