Қазақстанда радиациялық жағдайдың интерактивті онлайн-картасы іске қосылды

«Қазгидромет» РМК пайдаланушыларға онлайн — режимде қолжетімді радиациялық жағдайдың интерактивті картасы-инновациялық сервистің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Карта Қазақстан өңірлері бойынша радиациялық мониторингтің өзекті деректерін көрсетеді, әртүрлі кезеңдердегі көрсеткіштерді талдауға және ақпаратты ыңғайлы визуалды форматта алуға мүмкіндік береді.
Қызметтің негізгі артықшылықтары:
— кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімділік;
— радиациялық фон көрсеткіштерін көрнекі көрсету;
— деректерді ғылыми, білім беру және қоғамдық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі;
— халықтың экологиялық хабардар болу деңгейін арттыру.
Деректер күніне 1 рет автоматты түрде жаңартылады.
«Картаны құру-экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қоғамның сенімін қалыптастырудағы маңызды қадам. Біз қоршаған ортаның жай күйі туралы деректерді барлық азаматтар үшін барынша түсінікті және қолжетімді етуге тырысамыз»
Интерактивті карта мына сілтеме бойынша қолжетімді: http://ecodata.kz:3838/app_gamma_ru/

Related posts

Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адам сотталды: мемлекет пайдасына 52 көлік пен 402 млн теңге тәркіленді

Назия Жоямергенқызы

COVID-19: ҚОҒАМДЫҚ ИММУНИТЕТ

ttjk

Қарағанды облысындағы дәмханада газ баллоны жарылып, адам шығыны тіркелді

Назия Жоямергенқызы