Қазақстанда алғаш рет Халықаралық фрирайд сайыстары

Шымбұлақ экстремалды спорттың әлемдік аренасында бой көрсетті.

 

Бүгін өз тарихында алғаш рет халықаралық фрирайд сайыстарының қожайыны болған “Шымбұлақ” тау курорты үшін тарихи күн болды. Әлемніңтүкпір түкпірінен күрделі жағдайларда тау бөктерінде күш сынастыру үшін 85 атлет осында жиналды.

Сайыстардың алғашқы күні сайыстар қызықты өтіп, санаттар бойынша нәтижелер айтарлықтай әсер қалдырды:

Шаңғы санаты (ерлер):

1 орын – William Martin (Канада)

2 орын – Dmitrii Udodov (Ресей)

3 орын – Grigory Korneev (Ресей)

 

Шаңғы санаты (әйелдер):

1 орын – Zanna Farrrell (Австралия)

2 орын – Yelena Kruglykhina (Қазақстан)

3 орын – Monika Novakova (Австрия)

 

Сноуборд санаты (ерлер):

1 орын – Max Cherkasov (Қырғызстан)

2 орын – Alexandre Fournie (Австралия)

3 орын – Alexey Sobolev (Ресей)

 

Сноуборд санаты (әйелдер):

1 орын – Nadezhda Shamber (Ресей)

2 орын – Tatiana Shevchenko (Ресей)

3 орын – Shi Tingting (Қытай)

 

Сайыстардың келесі, екінші күні 25 ақпан экстремалды спортты бағалаушыларды күтеді. Шымбұлақ қонақтарды осы керемет спорттық шараның бөлігі болуға және адреналин атмосферасы мен бақталастық рухына куә болуға шақырады.

Анықтама үшін: 1954 жылы негізі қаланған «Шымбұлақ» ТК Іле Алатауының әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте, Қазақстанның Алматы қаласының орталығынан 15 минуттық жердеорналасқан. Курорттың халықаралық сайыстар өткізуде тәжірибесі мол: 2021 ж. – Могул және шаңғы акробатикасы бағыттары бойынша фристайлдан Әлем чемпионаты. 2019 – 2023 жж. – Могул және шаңғы акробатикасы бағыттары бойынша фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері. 2008 – 2023 жж. FIS старттар (Күміс Эдельвейс, National Cup, Junior Race).

Related posts

Мүгедектікті белгілеу бойынша 13,9 мыңнан астам өтінім түскен

ttjk

Встречайте восход солнца среди монументальных скульптур на горе Немрут

ttjk

«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы