Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

www.akorda.kz

Related posts

Жаңартудан кейін жұмыс орнының саны 100-ден 160-қа дейін көбейеді

Назия Жоямергенқызы

Эрджиес: на вершине Анатолии

ttjk

Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің арасында қазақ жоқ

editor