Аудан прокуроры қызметінен алынды

Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен айырылды.

Бұл шұғыл ақпаратты Бас прокуратурасы хабарлады.

«Бас Прокурордың бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босады»,  деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі. Дереккөзге сүйенсек, олардың жұмыстан шығуына қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау кезіндегі елеулі кемшіліктері негіз болған.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат атты 16 жастағы баланың әкесі осы іске қатысты Талғар ауданының прокуроры жұмысынан кетсін деген талап қойған болатын.

Related posts

Две азиатские страны вошли в десятку самых безопасных мест мира в этом году

Назия Жоямергенқызы

Мәжілісте Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығы талқыланды

ttjk

Қарағанды облысында 40 адам эвакуацияланды

editor