Қазақша күрестен қоржынымыз тағы бес алтынмен толықты

Бүгін Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына тағы бес алтын медаль түсті. Атап айтқанда, 56 келі салмақ дәрежесінде финалда жерлесіміз Рауза Нұрмахамметова ресейлік Алена Фатихованы ұтты. Осылайша Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Бұдан кейін 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов финалда әзербайжандық балуанды тізе бүктіріп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Қазақша күрестен 66 келі салмақта Дидар Тұқышев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанса,74 келі салмақта өнер көрсеткен Жұмажан Қожамбеков те қарсыласынан айласын асырып, алтын медаль жүлдегері атанды.

Сондай-ақ қыздар арасынан 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бақыт Құсақбаева да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы болып отыр.

 

Related posts

Горнолыжный курорт «Шымбулак» приглашает на SCIJ

ttjk

Әйгілі футболшының үстінен «қыз зорлады» деген айып тағылды

editor

Қазақ күресінен бес спортшы алтынға үмітті

editor