Даулы видеодағы тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Бүгін әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық күш көрсеткені түсіп қалған бейнежазба тарады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаменті балабақшаға қатысты тергеуді бастады.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода балабақша қызметкері балалар жатқан төсекке келіп, сәбиді еденге лақтырғанын көруге болады. Кейін ол жерде отырған баланы қолынан ұстап тұрғызбақ болады, бірақ баланың оған көнбейтінін көріп, оны аяғынан ұстап сүйреп әкеткен. Осы кезде олардың жанында тағы бір бала болған, бір кезде әйел оны бетінен соғып, төсекке барып жатуын меңзейді.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын жариялаған жоқ. Алайда осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ Шымкент Білім басқармасы оқиға туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында», деп хабарлайды Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Related posts

Аты аңызға айналған «Көк саяхатта» Түркияның таңғажайып жағалауды таныңыз

Назия Жоямергенқызы

Әнару Құрманәлінің ісінде тағы бір білікті адвокат іске қосылды

editor

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖАС МҰҒАЛІМ АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНАДЫ

Назия Жоямергенқызы