Атырау облысында әкім орынбасары жол апатынан қаза тапты

Атырау облысында жол апаты салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты. Ол 45 жаста болған.

Басылым мәліметінше, Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан. Жолда көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған.

Бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі растады.

«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», – делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Келесі айда марқұм 46 жасқа толар еді. Артында бес баласы қалды.

Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, былтыр күзде Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев те жол апатына ұшыраған еді. Ол қызметтік көлікті өзі тізгіндеп келе жатып, Райымбек ауданының таулы аймағында жолдан шығып кеткен. Көлік бірнеше рет аударылған. Апат салдарынан 38 жастағы ер адам қаза тауып, тағы бір жолаушы мен әкімнің өзі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews.kz

Related posts

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Назия Жоямергенқызы

Исследуйте Турцию на велосипеде

ttjk

Қытайлық компаниямен келісім талқыланды

editor