Еліміздегі ең ірі мегаолис – Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайы жайлы ақпараттар тек «Қазгидромет» РМК-ның бақылау бекеттерінен алынған мәліметтер бойынша бағамдалады. Алматықаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, «Қазгидрометтің» барлық құрылғысы сертификатталған, мемлекеттік тізімге енгізілген және міндетті тексеруден өткізілген.
Алматы аумағында 16 стационарлық бақылау бекетіорнатылыпты. Аталған бекеттердің деректері бойынша ауа сапасының көрсеткіштері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес қалыптастырылады.
Ескеретін жайт, түрлі жекеменшік немесе калибрленбеген құрылғылар тарататын ақпарат ресми ақпарат ретінде қабылданбайды. Себебі ондай құрылғылардың жарамдылық сертификаты жоқ, арнайы тексеруден өтпеген және мемлекеттік өлшеу құралдары тізіміне енгізілмеген. Құзырлы органдар сондықтан бейресми құралдардан алынған ақпаратты сенімді дерек ретінде қолдануға болмайтынын айтады.
Алматыдағы атмосфералық ауаға қатысты «Қазгидромет» мәліметінше, биыл 24-25 қарашада жоғары (10 ШРК-дан жоғары) және аса жоғары (50 ШРК-дан жоғары) ластану деңгейі тіркелмеген. Жекелеген бекеттерде кейбір заттар бойынша 1,0-2,1 ШРК шамасында бір реттік аздаған асу байқалыпты.
Қаладағы қазіргі түтін құбылыстары ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларымен қатар антропогендік факторларға да байланысты екен. Соның бірі инверсия, яғни, жылы ауа қабаты төменгі суық қабатты жауып, тік бағытта ауа алмасуына кедергі келтіретін құбылыс.
«Қарашаның желсіз ауа райы, көпжылдық бақылаумен салыстырғанда жоғары температура, жауын-шашынның болмауы және жылыту маусымының белсенділігі атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Ауаның ластануынаорталықтандырылған жылу құбырына қосылмаған жеке тұрғынүйлер, өндірістік нысандар және қала аумағында пайдаланылатын шамамен бір миллионға жуық автокөлік себеп болады. Бүгінде Алматының ауа бассейнін негізгі ластаушы — автокөлік. Лас қалдықтардың 60 пайызына дейінгі үлесі көліктерге тиесілі. Қалған бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жеке секторға және қатты отын пайдаланатын моншалардан шығады. Сондықтан олардың кері әсерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта Алматы қаласы әкімдігітиісті жұмыстар жүргізіп, атмосфералық ауаны қорғауережелерінің жобасын әзірледі. Бұл ережелер төменшығарындылы аймақта автокөлік пайдалануғашектеулер енгізуді, үшінші санаттағы кәсіпорындардыңэкологиялық реттелуін және ауаға зиянды заттаршығарындыларын азайтуға бағытталған басқа да нормаларды қамтиды», — делінген «Қазгидромет» таратқан ресми деректе.
Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ.
