АЛМАТЫДАҒЫ КӨШЕЛЕР КӨРКЕЙЕДІ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесінің бойындағы көлік жолы маңындағы аумақты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Жоба қаланыңорталық бөлігін кешенді көріктендіру бағдарламасыаясында жүзеге асып жатыр және жайлы әрі қауіпсізқалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамытубасқармасының мәліметінше, қайта жаңғырту 6,5 гектар аумақты қамтиды және жүргінші мен көлікинфрақұрылымын кешенді жаңартуды көздейді. 1,1 шақырым аумақта көгалдандыру, жарық тіректерінорнату, су бұру жүйелерін салу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, іргелес үйлердің қасбеттері жөнделіп, Райымбек батыр ескерткіші қалпына келтіріліп жатыр. Келесі жылы осы аумақта су айдынын қалыптастыружәне қосымша көгалдандыру жоспарланған. Ерекшеназар жүргіншілерге ыңғайлы тротуарлар, қауіпсізжүргінші аймақтары және заманауи көркейтуэлементтерін жасауға бөлінуде.

Дархан Сатыбалды жұмыстың сапалы орындалуыныңмаңызын атап өтіп, жобаның жайлы қалалық ортаныңбірыңғай тұжырымдамасына сай болуы қажеттігінайтты. Жобаны жүзеге асыру жүргіншілер үшінқолайлы жағдай жасап, қаланың сыртқы келбетінжақсартуға, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтарыүшін тартымды, үйлесімді кеңістік қалыптастыруғамүмкіндік береді.

Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Кішкенбаев 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат тарап жатыр

editor

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшіріледі

Назия Жоямергенқызы