Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

 

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы спорт делегациясын жібергені үшін Әзербайжан Президентіне алғыс айтты.

Қазақстан Президенті стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады. Осы орайда қыркүйек айының соңында өтетін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжандағы Парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтап, саяси науқанды Қазақстанның өкілдері де бақылағанын атап өтті. Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан тарапының алдағы уақытта да Алматы алаңын келіссөздерге ұсынуға дайын екенін растады. Өз кезегінде Ильхам Әлиев Бакудің Астанамен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмсауға ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу достық рәуіште өтті.

Related posts

Колизейде «Гөбекли тепе: қасиетті жердің құпиясы» көрмесі ашылды

editor

Түркияның ең сүйікті сусыны — шайдың отаны

editor

Reward yourself with an unparalleled wellness experience in Türkiye

editor