Астаналықтарды әлеуметтік медивиналық сақтандыру жүйесімен қамту

Елорда тұрғындарын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

Елорданың 1,4 млн тұрғынының 250 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында сақтандырылмау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отырысқа қатысушылар сақтандырылмаған азаматтармен жағдайды талқылап, олардың әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылуын арттыру үшін ұсыныстар енгізді.
Астана қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетовтің ақпараты бойынша, осы жылдың 10 айында сақтандырылғандар саны шамамен 49 200 адамға артты.

Related posts

Оңтүстік Корея президентінің көмекшілері отставкаға кетті

editor

Ойын басталуына әлі бірнеше сағат қалса да, Алматы тұрғындары мен қалаға келген қонақтар Орталық стадионның айналасына жиналып үлгерді

Назия Жоямергенқызы

11 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында білім алды

ttjk