Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

Ташкенттен Астанаға бағыт алған жолаушылар автобусы Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы кезінде бұзылып, жолда қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жолаушылардың барлығы құтқарылғанын хабарлады. «Ауа райының күрт өзгеруі көптеген адамды жолда қалдырды. Ташкенттен Астанаға бара жатқан автобустың жолаушылары да күтпеген жерден жолда қалды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан 10 шақырым жерде болды. Жол жиегінде тұрған автобусқа аудандық полиция қызметкерлері көмекке келді. Олар жақын маңдағы елді мекенге 13 жолаушыны, сондай-ақ екі жүргізушіні эвакуациялады. Құтқарылған адамдарды тәртіп сақшылары ыстық тамақпен, уақытша жылы баспанамен қамтамасыз етті.

Related posts

Карс туристерге тамаша демалыс сыйлайды

ttjk

Елордада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді

editor

В ОБЛАСТИ АБАЙ ОТКРОЮТСЯ ЕЩЁ ДВЕ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ»: ДВЕ НОВЫЕ ШКОЛЫ БУДУТ СДАНЫ К НАЧАЛУ УЧЕБНОГО ГОДА

Назия Жоямергенқызы