American Spase жобасы азаматтардың білімін арттыруға үлес қосып келеді

Ынталандыру сыйлығы

American Spase жобасы азаматтардың білімін арттыруға үлес қосып келеді

Жарияланған сайт: oninfo.kz

Авторы: Дастан Баширов

Жарияланған күні: 09.08.2022

 

Makerspace Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Шеврон» компаниясының бірлескен жобасы. Жоба мақсаты – жастарды, қала тұрғындарын STEAM бағдарламасы бойынша оқытып, бәсекеге қабілетті мамандар санын арттыру. Мұндай орталықтар еліміздегі 9 қалада, атап айтсақ, Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе мен Петропавлда ашылған.
American Spase жобасы азаматтарға тіл үйрену курстарын, тегін онлайн сабақтар, кино және дебат клубтарын, әдеби және ағылшын тіліндегі халықаралық емтихандарға дайындалу курстарын ұсынады.
Мәселен, ауқымды бағдарлама шеңберіндегі Makerspace бағыты ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласындағы қызметтер кеңістігін ұлғайтуға арналған. Яғни, жастарған әлемдік бәсекелестікке қабілетті болуға, жоғары технологиялық ресурстарға, инновациялық бағдарламаларға, іскерлік байланыстарға, тәжірибелі тәлімгерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ал, Young citizen scientists жобасы экологиялық түсінікті арттыру, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қызықтыру мақсатында қызмет атқарып жатыр.

Related posts

Бала өмірін аялағандар

ttjk

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ҚАУҚАРЫ

ttjk

Скринг саулықтың кепілі ме?

ttjk