«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

Полиция Алматы қаласының шетіндегі «Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Алматы облысы, Қарасай ауданының полициясы 1982 және 1986 жылы туған 4 азаматты іздестіріп жатыр. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің 190-бабы (аса ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша іс қозғалған. Күдікке ілінгендердің аты-жөні – Данияр Әпдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев пен Айдос Нұрқалиев.

Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта күдіктілерді ұстап, оларды Қарасай ауданындағы уақытша қамау изоляторына қамау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатырғанын хабарлады.

Сурет: informburo.kz

Related posts

Абай облысында бруцеллезге қарсы 2 миллионға жуық мал басы тексерілді

Назия Жоямергенқызы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері айтарлықтай өседі

Назия Жоямергенқызы

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

editor