Қалта ұрылары күніне миллион тапқан

Алматыда қалта ұрыларының ұйымдасқан қылмыстық тобына сот үкімі шықты.

Алматылық прокурорлар қалта ұрылары ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды.Прокуратураның үйлестіруімен соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі былтырғы қарашадан бері қоғамдық көліктерді торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.

«Қаскүнемдердің орташа есеппен күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңге болған» делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Related posts

Әлеуметтік қажеттіліктер: Алматы бюджетіндегі қаржы алдағы екі жылда неге жұмсалады

Алматы: он жылдағы рекордтық көрсеткіш

Назия Жоямергенқызы

Педагогикалық білім беруге мән берілуде

Назия Жоямергенқызы