Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды

Алматы қаласының әкімдігі шаһардың қала құрылысы кеңесі мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету жобасын таныстырды. Жаңартылғанқұжаттың негізгі бағыттарын талқылауға депутаттар Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек және Ирина Смирнова қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасарыБейбіт Шаханов халық қалаулыларының сұрақтарына жауапберіп, қаланың полицентрлік үлгі бойынша дамитынын атапөтті. Бұл тәсіл жаңа іскерлік аймақтарды дамытуғабағытталған. Онда жұмыс орындары, қоғамдық кеңістіктермен заманауи инфрақұрылым пайда болады.

Өз кезегінде Парламент депутаттары қаланың Бас жоспарын түзету дер кезінде қолға алынғанын айтты. Өйткені қала халқының жедел өсімі, құрылыс қарқыны мен экологиялық жүктеменің артуы жаңа шешімдерді талапетеді.

Бақытжан Базарбек құжатта сейсмикалық қауіпсіздікжайына ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, Алматының Бас жоспарына тікелей әсер ететін бірқатармаңызды өзгеріс ҚР жаңа Құрылыс кодексі жобасынаенгізілгенін жеткізді.

«Біз құжатқа сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық тәуекелсияқты маңызды ұғымдарды енгіздік, сондай-ақ аудандардыміндетті түрде төлқұжаттау қарастырылды. Сейсмикалыққауіп деңгейін аудан-ауданға бөліп анықтау мен көшкінқаупі бар аумақтар карталарын Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде міндеттітүрде ескеру қажет. Бұл талаптар бастапқы деректерді беру мен эскиздік жобаларды келісуден бастап жобалық-сметалық құжаттаманы қарауға дейінгі барлық кезеңдеқолданылуы қажет. Жалпы алғанда, бұл түзету қаланыңдамуына қатысты негізгі мәселелерге жауап береді, сондықтан мен ұсынылған өзгерістерді қолдаймын», – дедіБ. Базарбек.

Депутат Ирина Смирнова Бас жоспарды түзету кезінде қалатұрғындарының әлеуметтік қамтылуы басты басымдықболуы керектігін айтты.

«Қаланы дамыту нүктелі емес, кешенді құрылыс арқылыжүзеге асуға тиіс. Яғни, адамдардың мүддесін ескеріп, мектептерге, балабақшаларға, медицина және әлеуметтікнысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Жалпы, біз Бас жоспарды түзету жобасын қолдаймыз, ол қаланыңтеңгерімді дамуына жол ашады деп сенеміз», – деді И. Смирнова.

Депутат Ерлан Стамбеков қоғамдық көлік жүйесін дамытужайына, соның ішінде LRT, BRT және метро жобаларыніске асыру мүмкіндіктеріне назар аударды.

Депутат Е. Стамбековтің айтуынша, тұрғындарды еңалдымен экологиялық жүктемені азайту, атап айтқанда ауасапасын жақсарту, жаңа жасыл аймақтар құру жәнеөндірістік нысандарды тұрғын үй аумағынан тыс аумаққакөшіру жайы алаңдатады.

Еске салайық, қазіргі уақытта қаланың Бас жоспарына 2040 жылға дейінгі түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліпжатыр. Жоба көлік инфрақұрылымын дамыту, қаланыңполицентрлік құрылымын қалыптастыру, қоғамдықкеңістіктерді кеңейту, жасыл белдеуді сақтау және таулыаймақтарда құрылыс салуға тыйым салу сынды бағыттардықамтиды.

Түзетудегі маңызды бағыттардың біріқоғамдық көліктідамыту. Метро желілерін жеделдетіп салу, LRT және BRT жүйелерін енгізу, сондай-ақ арнайы жолақтарды кеңейтуарқылы жолға түсетін жүктемені азайту көзделіп отыр.

Түзету жобасында халыққа ортақ жасыл аймақтарғабасымдық берілген. 2040 жылға дейін олардың аумағы үшесеге ұлғайып, 3800 гектарға жетпек.

Алматы қаласы әкімдігінің Баспасөз қызметі

Фото: gov.kz

Related posts

Алматыда Жаңа жылдық концерт өтті

Назия Жоямергенқызы

Қатты дауылдан 96 адам қаза тапқан

editor

Шерзат ісі бойынша әділдік іздеген әке қамауға алынды

editor