Алматыда XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді

2021 жылғы 25 қарашада Алматыда медиа индустрияның негізгі ойыншыларының кәсіби пікірталас алаңы және қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы жетекші салалық конференция — XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді.

Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастыратын жиын барысында қатысушылар нарықтың ең күрделі мәселелері мен сын-қатерлерін талқылайды, консенсус пен шешімдер жолын қарастырады, медиа-бизнесті дамытудың табысты стратегияларына тиесілі тәжірибесімен бөліседі және тиімділігі жоғары networking қамтамасыз етіледі.
«Media Құрылтай 2021» пандемияға байланысты медиа индустрияға серпін беру, БАҚ-қа сенім, заңнама, медиа-бизнесті басқарудағы жаңа үдерістер т.б. мәселелерге арналады.

«Media Құрылтай» өткізілген 12 жыл ішінде оған 2000-нан астам адам қатысты. Аталған жиынды қатысушылар, сарапшылар және БАҚ өкілдері жоғары бағалады.
Media Құрылтайда ұйымдастырушылар саланың даму барысын анықтайтын кәсіби аудитория – құрылтайшылар, меншік иелері, БАҚ редакторлары, мемлекеттік құрылымдар жиналады.

БАҚ-тың жұмыс тәжірибесінде, коммуникацияларда және GR, бизнесте қолданылатын, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттері мен сарапшылар зерттейтін жоғары кәсіби контентті ұсынады. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және оффлайн форматта қатар өтетін шараға тіркелу жүріп жатыр.

Related posts

Оқу-ағарту министрлігінде олқылық көп

editor

Assos: The Gem of Türkiye’s North Aegean

editor

Мұнай бағасы төмендеді

editor