Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері айтты.

Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметін ұсынады. Оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.

Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 «Инватакси» көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік.

«Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет:

Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
+7 747 195 35 75;
+7 707 710 60 50 (WhatsApp);
+7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78
+7 700 521 26 33
+7 777 611 13 57 (WhatsApp)

Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Related posts

2026 жылы Қазақстан авиациясында қандай жаңа әуежайлар мен бағыттар іске қосылады?

Назия Жоямергенқызы

Сауаттылыққа үйреткен сауапты іс

editor

ҮКІМЕТ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ МІНДЕТТЕДІ

Назия Жоямергенқызы