Алматыда көшелерді жарықтандыру белсенді жүруде

2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа қала көшелеріндегі жарық мәселесін шешуді тапсырған болатын. Бұл – тек Алматының емес, Қазақстанның көптеген қалалары үшін өзекті мәселе.

Қараңғы көшелер тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Түнгі уақытта жүріп-тұру қиын, әсіресе жаяу жүргіншілер үшін. Сондықтан бұл мәселе халықтың ұзақ жылдан бергі шағымының бірі еді.

Қазіргі таңда Алматыда біраз жұмыс атқарылды. Бұрын жарық болмаған 84 аумақта 16 шақырым жаңа жарық желілері салынып жатыр. Сонымен қатар 7 негізгі көше бойында 19,6 шақырым жарық жүйесі жаңартылып, 1100 шам ауыстырылған. Тағы 400 жаңа шам орнатылған.

Бұған қоса, көшелердегі жарықты басқару жүйелерін де жаңғырту жоспарда бар. Қаланың маңызды ғимараттарына сәулеттік жарықтандырулар орнатылуда. Бүгінде бұл жұмыстардың 85 пайызы орындалған.Қала көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары толық аяқталуға жақын.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Ақерке Тұрғанбек

Related posts

Тоқаев күштік құрылым басшыларын қызметінен босатты

editor

Түркияның теңіздері арқылы саяхатыңыздан ләззат алыңыз

ttjk

Plan your most romantic Valentine’s Day escape in Türkiye

ttjk