Алматы тауларында жоғалған 18 жастағы қыздың мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 19 желтоқсанда «102» нөміріне марқұмның туысы хабарласып, жас қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге кеткенін, содан кейін байланысқа шықпағанын айтқан.

Хабар түсе салысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары және еріктілер іздеу жұмыстарына жедел түрде жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының бірлескен жедел штабы құрылды.

Іздеу-құтқару шаралары барысында Бутаков сарқырамасы маңынан әйел адамның мәйіті анықталды. Кейін марқұмның денесі теңіз деңгейінен шамамен 2100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне табысталды.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті тексерулер аяқталған соң марқұмның жеке басы нақты анықталатын болады.

Іздеу жұмыстарына жалпы саны 73 адам, 10 бірлік техника, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп қатыстырылды.

Фото: Тау самалы

Related posts

Enjoy your voyage over the bluest waters of Türkiye

ttjk

Исторические дома в Карабуке

ttjk

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

editor