Алматы облысында өнеркәсіп өсімі 10,7 пайызға жеткен

Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерімен кездесуінде өңдеу өнеркәсібі туралы айтты: “Алматы облысында өңдеу өнеркәсібі өңір экономикасын дамытудың локомотиві болып табылады. Бұл саладағы өсім 11,5 пайызды құрады. Жалпы, облыс экономикасының барлық негізгі салаларында тұрақты өсім байқалады”.
​«2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша барлық салаларда тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім 4 триллион 249 миллиард теңгеге жетіп, 106,3 пайызға өсті, бұл республика бойынша үшінші орында. Ағымдағы жылдың төрт айында өсу қарқыны сақталды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,7 пайызға, сауда көлемі 20,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 1,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 0,6 пайызға өсті», – деді облыс әкімі.
Өздеріңізге белгілі, жалпы Алматы облысы өзін агроөнеркәсіптік аймақ ретінде көрсетеді, онда өңдеуші сектор маңызды рөл атқарады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Мәселен, облыстың жалпы өңірлік өнімінің үштен бірін өнеркәсіп өнімі құрайды. Экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібінің үлесі 90 пайызға немесе 503 миллиард теңгеге жетті. Өз кезегінде өңделген өнімдер экспорты 20%-ға өсіп, шамамен 600 млн АҚШ долларын құрады (2022 жылдың 11 айы).
Агроөнеркәсіп кешенінде құс және құс етін өндіру бойынша облыс көш бастап тұр, ал қой мен ешкі басы, жүгері, көкөніс, жеміс-жидек дақылдарын және картоп өсіру бойынша республикада көшбасшылар үштігіне кіреді.
​«Дәстүрлі салалармен қатар біз жаңа бағыттарды зерттеуді көздеп отырмыз. Ең алдымен, экспортқа бағытталған жаңартылатын энергия көздері туралы айтқым келеді. Осы әлеуеттің арқасында Алматы облысы Қырғызстан, Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдеріндегі ірі энергетикалық хаб және серіктес бола алады», – деді аймақ басшысы.
​Сондай-ақ, Марат Елеусізұлының айтуынша, өңірде тағы екі перспективалы сала – тау-кен металлургия өнеркәсібі мен балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда: «Біздің облыс пайдалы қазбаларға бай. Көмір, мыс, алтын, уран және басқа да полиметаллдардың қоры зерттелді. Алғаш рет ҚР Ғылым академиясының Тау-кен институтының көмегімен Алматы облысының тау-кен металлургия кешенін дамыту бағдарламасы әзірленді».

Алматы облысының Баспасөз қызметі

Related posts

Стамбұл: Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

ttjk

Орду қаласында ерекше музей бар

Назия Жоямергенқызы

Сайлауға неше партия қатысады?

ttjk