Алматы облысында «Қазпошта» АҚ кассирлері 84 млн теңгені жымқырған

 

Алматы облысы Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.

«Қазпошта» қызметкерлері көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.

Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Related posts

Шу шығарған шетелдік студенттер елден шығарылады

editor

Вьетнамнан Астанаға тікелей рейс ашылады

editor

ЕГЕМЕН ЕЛ — ЕРКІН СӨЗ

Назия Жоямергенқызы