Қайраткердің қолсағаты қайырымдылыққа жұмсалады

Белгілі блогер Ақарыс Әділжан әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бойы сақталған алтын сағатын көрсетті.

Оның айтуынша, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов сағатын блогердің әкесіне сыйлаған. Әкесі тартуды тақпай сақтаған көрінеді.

«Заманбек Нұрқаділов әкемді қатты жақсы көретін және әкемнің «Терісқақпай» театрын әрқашан қолдайтын. 1999 жылы Заманбек аға әкеме өзінің таза алтын сағатын сыйлаған еді. Одан кейін әкем екеуі кездескен кездерде «Сағатты сатып жіберме, жарай ма?» деп ескертіп қоятын. Әкем «Әрине, Зәке, сатпаймын» деп уәде берген. 2005 жылы Заманбек аға қайтыс болды. Содан бері әкем бұл сағатты мүлдем тақпай, сақтап қойған. 2005 жылдан бері отбасымызда қиын кездер болмады емес, болды. Әкем айтпақшы, үйде қарапайым қант та болмаған кездер болды. Сол кездерде талай кісілер «Зәкеңнің сағатын бізге бәленбай мың долларға сатшы» деп сұрайтын. Бірақ әкем ешқашан сағатты сату дегенді ойына алмайтын! Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болды»,  дейді ол.

Енді блогер сағаттың аукционда сатылатынын жеткізіп, биыл әкесі екеуі қайраткердің қолсағатын Sham мектебінің аукционына беруге шешім қабылдап отыр. Оның айтуынша, Заманбек аға көзі тірісінде ауылдың өнерлі балаларын қолдауды мақсат еткен. Осы миссияны атқарып, мектеп ашып жатқан Қуаныш Бейсек және Ұлықбек Шәріповті қолдау мақсатында сағат аукционда қымбатқа сатылып, түскен ақша білімді балаларға жұмсалуын қалап отыр.

«Ондағы мақсат  Заманбек Нұрқаділовтің өзі өмірден өтсе де, артынан баратын сауаптар тоқтамасын» дейді блогер.

Related posts

Ассос: жемчужина северного Эгейского моря Турции

editor

These museums in İstanbul are just for children

ttjk

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы