Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімінің кеңесшісі хабарлағандай, Абзал Нүкенов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл шешім Президент әкімшілігінің келісімімен және қала басшысы Дархан Сатыбалдының өкімімен қабылданған.

Жаңа орынбасар ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін салаларына жетекшілік етеді.

Өмірбаяны мен қызметтік жолы
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Үйленген, үш баланың әкесі.
Ол 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін саясат ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратында идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты ретінде бастаған. Кейін осы құрылымда жаппай саяси жұмыстар секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2005–2006 жылдары — Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы;
2006–2009 жылдары — Әуезов ауданы әкімінің орынбасары;
2009–2011 жылдары — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры;
2011 жылы — аталған университеттің Заң жобаларына құқықтық сараптама және қазіргі заманғы зерттеулер институты директорының орынбасары;
2011–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығында түрлі басшылық қызметтер атқарған;
2016–2018 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
2018–2019 жылдары — «Астана» халықаралық ғылыми кешені» мекемесінде директорлар кеңесі төрағасының орынбасары;
2019–2022 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
2022–2023 жылдары — Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2023–2025 жылдары — Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор;
2025 жылдың 11 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Абзал Нүкенов мемлекеттік қызметтегі елеулі еңбегі үшін 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және өзге де мерейтойлық марапаттармен наградталған.

Фото: Nur.kz

Related posts

«ITeachMe» жастар инклюзивті лагерінің үшінші маусымы

ttjk

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына газ тарту үшін пайызсыз несие беріледі

ttjk

Республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

editor