Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

 

Абай облысының Бесқарағай ауданында ауыл тұрғындарының саулығын нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан іске қосылды. Ерназар ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді.

Бұл нысан – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша барлығы 11 жаңа медициналық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт бар.

Ерназар ауылындағы амбулатория тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Нысанның ішінде физиотерапия және процедуралық кабинеттер, орта буын медицина қызметкерлеріне арналған бөлмелер мен дәріханалық пункт жұмыс істейді.

Жаңа ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, екі арналы сенсорлы магнитотерапия аппараты, спирометр, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарын ультракүлгін сәулемен емдеуге арналған стационарлық құрылғы орнатылған.

Мұндай игі бастамалар шалғай ауылдардағы тұрғындарға сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің дамуына серпін береді.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай Бесқарағай ауданының Белокаменка және Стеклянка ауылдарында да жаңа медициналық пункттер ашылған болатын.

Related posts

Мемлекеттік борыш 30,5 трлн теңгеге жетті

editor

Türkiye closes 2023 with record-breaking tourism figures  

ttjk

Halyk Bank  «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

ttjk