А.Цойға «QazVac» екпесін салды

Бүгін  отандық QazVac вакцинасы өңірлерге таралып, қолданысқа енгізілді. Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой салдырды.

“Вакцинаның алғашқы партиясы биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге  мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл – түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвердейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр.” – деді денсаулық сақтау министрінің Алексей Цой.

Сонымен қатар ол отандық вакцинаны Түркия еліне экспорттау жөнінде мәселер қарастырылып жатқанын тілге тие кетті.

Нұрай Задашова, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 11Б сынып оқушысы

Сурет: КазТаг

 

Related posts

Мәжіліс зағиптарға қатысты заң жобасын қарап жатыр

editor

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Назия Жоямергенқызы

VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті

ttjk