АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ ЖАҢА КИІМ ҮЛГІЛЕРІ

Аңсаған Мұстафа ерлер қауымына ұлттық нақыштағы жаңа киім үлгілерін ұсынды.

Елімізге танымал дизайнер Аңсаған Мұстафа соңғы жылдары отандық және шетелдік нарықта ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен танылып келе жатыр. Жуырда ол 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай, ер-азаматтар қауымына жаңа коллекцияларын ұсынды.

Аңсаған ханым әлеуметтік желілердегі парақшаларына: «Құрметті қыздар! Жігіттердің мейрамы жақындады! Соған орай біздің фирма Ұлттық нақыштағы жігіттерге, ұлдарға, балаларға арналған футболкалар дайындап жатыр! Мекеме, ұжым, студент, мектеп оқушылары, балабақшаларға жеңілдіктер бар… 40-50 дизайн бар инстада @ansa.kz деген,  қосымша ақпаратты +7 747 459 3657 нөмірі арқылы алуға болады», — деп жазыпты.

Ұлттық құндылықтарды отандық өнімдер арқылы ұлықтап жүрген Аңсаған ханымға табыс тілейміз.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Проекты Костанайской области посетил Премьер-министр РК

ttjk

Узбекистан примет 20-ое заседание Конференции сторон CITES в 2025 годуŞ

Назия Жоямергенқызы

Антикорға ақша ұсынғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалады

editor