Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Абзал Сапарбекұлы 1975 жылы 6 тамызда Қазақ КСР Жамбыл облысында дүниеге келген.
1999 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетін “Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Референт, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі (2000-2003);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (2003-2008);
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2008);
Қазақстан Республикасының БҰҰ Еуропалық кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, Женева (2008-2011);
Түркі кеңесі хатшылығының директоры (2011-2014);
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі/Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Стамбұл (2014-2017);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Албаниядағы штаттан тыс елшісі (2017 жылғы 5 сәуір — 2022 жылғы 15 наурыз).
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген. Үйленген, 4 баласы бар.

Related posts

Музей Эфеса в Турции признан лучшим на премии «Mondo-Dr Awards»

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ttjk

ТҮРІК АСХАНАСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ttjk