Түркиядағы алып ғимарат Айя-София мешіті

Түркия мемлекетіндегі алып ғимарат Айя-София мешітін әлем танитыны белгілі. Бірақ бұдан бқлек бұл елде тағы екі Айя-София мешіті бар екен. Бірі Ыстамбұл қаласында орналасқан. Ендігісі бұрынғы Никея, қазіргі Изник қаласында орналасқан. Сырт көзге жұпыны көрінгенімен әр тасында тарих бары бірден сезіледі. Ғимарат VI ғасырда византиялық император Юстиниан I-нің бұйрығымен шіркеу ретінде салынған. XIV ғасырдан бері мешіт ретінде қолданыста. 1922 шылы ғимарат өртенген еді. Бүгінге дейін тек шатыры ғана жөндейден өткен. Ал ғимараттың сүйегі бәз-баяғы қалпында сақталған. Қабырғаларда сол дәйірге тиесілі жазулар мен белгілері де әлі күнге дейін өшпеген. Өрттен қалған іздер де көп. Мешіт тарихи ескерткіштер қатарында болған соң мұнда келушілердің де қарасы қалың.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Related posts

Türkiye, ‘Sağlıklı Turizm Sertifikasyon’ programını başlattı

ttjk

Турция завершает 3-й квартал 2024 года с рекордными результатами в сфере туризма

editor

ҚОСҚҰДЫҚТА БӘЙГЕ ӨТТІ

ttjk