Әйелдердің бизнесіне Америкада көмектеседі

B5+1 форумы аясында «Business Woman KZ» пен «Anelya Alim New York» келісімшартқа отырды
Алматыда өтіп жатқан B5+1 халықаралық форумы аясында «Business Woman KZ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Қайсар мен АҚШ-та өзінің косметикалық брендін қалыптастырған кәсіпкер, «Anelya Alim New York» макияж мектебінің негізігн қалаушы Әнел Әлім келісімшартқа отырды.
Енді келісімшарт бойынша Әнел Әлім «Business Woman KZ» қоғамдық бірлестігінің АҚШ-тағы ресми өкілі ретінде қазақстандық әйелдердің Америкада бизнеспен айналысуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Яғни америкалық және қазақстандық бизнес-ледилердің арасында «алтын көпір» орнатады.
Әнел Әлім – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, «Әлемдегі ең табысты ТОП-30 әйел» тізіміне енген Нью-Йорк тұрғыны. Косметикалық бренді арқылы ол Бүкіл әлемдік Тhe makeup shou көрмесінде Бобби Браун, Данесса Мирик, макияж академиясымен бір көрмеде макияж жасаудың қыр-сырын көрсеткен. New York Fashion Week сән шоуын (16 шоу) ұйымдастырған. Әлемге әйгілі америкалық әнші Бейонсенің продюсерімен серіктес ретінде жұмыс істеген.
В5+1 форумының мақсаты – өңірдің толық экономикалық дербестігі үшін Орталық Азиядағы сауда, инвестиция және экономикалық интеграцияға жәрдемдесу. Іскерлік іс-шараны CIPE (АҚШ) халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының көмегімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған.

Related posts

Түркияның ең танымал керуен жолдары

Назия Жоямергенқызы

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” — “BLACK EYED PEAS

ttjk

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады

editor