БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ ТҮЗЕЛДІ

Байқоңырдағы қазақ балалары биылғы жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық білім стандарты бойынша оқытылады. Бұл сүйінші хабарды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.
Былтыр Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мырза: «Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алады. Аманшылық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім беру стандартына көшеді», – деп мәлімдеген болатын. Әкім мырза уәдесінде тұрды. Қазақстан мен Ресейдің білім министрлері жүргізген келісімшарттың нәтижесінде, отандық білім беру жүйесіне көшірілді.
Ресейлік білім стандартымен білім алудың астарында ұлттық идеология мен мемлекеттік саясатқа қайшы келетін жайт: қазақ балалар РФ саясатының ауанына төңкерілуге мәжбүр болған. Осы түйткілді ашып айтқан Қырымбек Елеуұлы: «Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, “Президентім Путин” дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?», – деген еді. Тағы бір қиындық, байқоңырлық қазақ балалар мектеп бітіргесін Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыса алмайтын. Жоғары білім алуда кедергілер мен қиындықтарға тап болатын. Енді бұйыртса, осы олқылық пен кемшіліктің орны толмақ. Бұл Қырымбек Көшербаев сынды ұлттық құндылықтар мен ұлттық саясатқа ұйи білген азамататардың арқасы.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«Неделя международной журналистики» в КазНУ

ttjk

ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН MAKECAMP

ttjk

«ШЕВРОННЫҢ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ